Президент бірқатар кадрлық өзгерістер жасады.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Әнуар Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен;
Әсем Бекқызы Нүсіпова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының өкімімен Сәбит Нұрлыбай Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.
https://egemen.kz