«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДЕПУТАТТЫҢ ӨКІЛЕТТІГІ ТОҚТАТЫЛДЫ

Кеше бесінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХХVІІІ сессиясы болды.

Депутаттар жиналысында қаралған негізгі мәселе – 2015-2017 жылдары концессияға ұсынылатын коммуналдық меншік нысандарының тізімін бекіту. Осы жөнінде баяндаған облыстық экономика басқармасы басшысының орынбасары Наталья Зверева алдағы кезде мемлекеттік-жекеменшіктік серіктестік бойынша Петропавл қаласының «Береке», «Орман» шағынаудандарында және Юбилейная көшесінде жалпы саны 370 орындық 3 балабақша салынатындығын айтты. Облыс орталығына өте қажет болып отырған мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерін нақты кімдер салатындығы ашық конкурс бойынша анықталып, олармен тиісті концессиялық келісімдер жасалатын болады. Бұл игі бастама халық қалаулыларының қолдауына ие болды.

Облыстық сайлау комиссиясының ұсынымы бойынша облыстық мәслихаттың Мағжан Жұмабаев ауданынан сайланған депутаты Бари Амоевқа қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енуіне байланысты оның депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды.

Сессияда бұған дейін болған басшы кадрлардың ауыс-түйістеріне байланысты бірнеше облыстық комиссияның құрамына өзгерістер енгізілді.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp