САПАСЫ ЖАҚСЫ, БАҒАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға қарасты Шөптікөл ауылдық округінің “Бірлік” фермерлік шаруашылығының егін алқабы 2350 гектарды құрайды. Орақ науқанын ойдағыдай аяқтап, мол өнім алуға барынша тырысудамыз. Бүгінде бидайдың орташа берекелігі гектарына 18 центнерден айналуда.