Мемлекет басшысы Джейкоб Зумаға Оңтүстік Африка Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. Д.Зума басқаратын партияның сайлаудағы жеңісі заңдылық екенін атап өткен Қазақстан Президенті таяу уақыттарда ОАР әлеуметтік-экономикалық даму жолында бұдан да зор нәтижелерге жетіп, халықаралық аренада өз беделін нығайтатынына сенім білдірген.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Д.Зумаға мықты денсаулық, жауапты қызметінде табыс, ал достас ОАР халқына бақ-береке тілеген.
ҚазАқпарат.