«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Діни наным құрметтеледі

   

Әлемдегі ең ірі протестанттық діннің ағымдары көп. Солардың бірі – елуіншілер /пятидесятниктер/. Осы атауға ие болған протестанттық қозғалыс ХІХ ғасырдың соңында АҚШ-та пайда болып, кейін басқа елдерге тарады.

Бүгінде 800 миллионға жуық протестанттың 279 миллионнан астамы Елуінші күн шіркеулеріне жатады. Қазақстан аумағына бұл ағым ХХ ғасырдың ортасына қарай тарады. КСРО ыдырағаннан кейін шіркеулер алғашқы мемлекеттік тіркеуден өте бастады. Ал 2011 жылы жеке дербес конфессияға айналды. 2018 жылғы 20 шілдеде ресми түрде “Қазақстанның Елуінші күн шіркеулері одағы” заңды тұлға бірлестігі ретінде тіркелді. Оның құрамына 66 жергілікті діни бірлестік пен олардың филиалдары енді. 2019 жылы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстанның Елуінші күн шіркеулері одағы арасында өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.
Жуырда діни бірлестіктер көшбасшылары клубының отырысы өтіп, аталған іс-шараға облыстық дін істері басқармасы” КММ басшысы Роза Қасенова, «Қазақстанның Елуінші күн шіркеулері одағы» бірлестігі төрағасының орынбасары Игорь Цай, “Сун Бок Ым” шіркеуінің епископы Сергей Кан, қаламыздағы Евангелиялық христиан шіркеулерінің жетекшілері мен өкілдері, қоғамдық даму және ақпарат орталығының сарапшылары қатысты.
Р.Қасенова өз сөзінде өңірдегі конфессияаралық келісім ішкі саяси тұрақтылықтың басты құрамдастарының бірі болып табылатынын атап өтті. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң әркімнің ар-ождан бостандығына, діни нанымына қарамастан тең құқылы болуына кепілдік береді. Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін діндерді сыйлайтынының, конфессияаралық келісімнің, діни тағаттылықтың және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын танитынын негізге алады. Елімізде бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан 18 конфессияның өкілдерінің сенім бостандық құқықтарына ешқандай тыйым салынбайды. И.Цай мен С.Кан бірлестік тарапынан атқарылып жатқан іс-шаралар жөнінде баяндап берді.
Жиында диалог пен ынтымақтастық негізінде мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды құру, шағын және орта бизнес арасындағы коммуникациялық, заңгерлік және құқықтық, әлеуметтік көмек көрсету жайлы келелі ой- пікілер алмасылды.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp