«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Дәмхана кассасына қол салған

Полицияға «Креветка» дәмханасының әкімшісінен шамамен сағат 18.25-те белгісіз адамның кассадан 126 мың теңгені ұрлағаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнын жедел-тергеу тобының қызметкерлері тексерген соң ұрлық жасады деген күдікпен бұрын қарақшылық үшін сотталған Петропавл қаласының 27 жастағы тұрғыны ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Бұл ұрлықты ашуға криминалистер өз үлестерін қосты.

Жауап алу кезінде күдікті кассадан ақша ұрлағанын растады. Сол күні ол дәмханаға екі танысымен барған. Барда ешкімнің болмағанын байқап, кассадағы ақшаны қолды қылады. Дәмханадан шығып, ұрлаған ақшаны қажетіне жұмсаған.
Қазір күдіктіге қатысты міндетті келу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Істің мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, күдіктінің басқа қылмыстарға қатысылығы тексерілуде.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp