«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Екі аудан орталығында алты блокбекет қойылды

Солтүстік Қазақстан облысының екі ауданының орталығында алты блокбекет қойылды.

Тәртіп сақшылары тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімшелерінің мамандарымен, дәрігерлер мен әкімдік өкілдерімен бірлесіп блокбекеттерде кезекшілік етеді.
“Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласында блокбекеттер 9 қазаннан бастап қойылды. Қазір аудан орталығына кіруді бірден төрт блокбекеттің қызметкерлері бақылайды. Мамлют ауданының Мамлютка қаласында екі блокбекет жұмыс істейді. 12 қазан күні сағат 00.00 – ден бастап жұмыс істей бастады”, делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 9 қазаннан бастап Булаев қаласы қатаң карантинге жабылды. 


 https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp