«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕКІ БІРДЕЙ БЕЛДІККЕ ИЕ БОЛДЫ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев Канаданың Монреаль қаласында өткен кәсіби бокс кешінің басты жекпе-жегінде шаршы алаңға көтеріліп, мексикалық Мигель Васкестен ұпай саны бойынша басым түсті. 

Сондай-ақ, отандасымыз екі бірдей белдікке ие болды. Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсеткен қандасымыз бұл жекпе-жекте екінші деңгейлі “WBA Continental” және “IBF Inter-Continental” белдігі үшін мексикалық тәжірибелі боксшы Мигель Васкеспен (41-8, 15 КО) жұдырықтасты. Қос бокшсы да 10 раунд бойы нағыз айқас көрсетті. Дегенмен, әр раундты өз пайдасына жазған отандасымыз төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, Батыр Жүкембаев бұған дейін жеңіп алған екінші деңгейлі “IBO International” және “WBC Continental Americas” белдігіне тағы екі белбеу қосып қойды. Кешегі жарқын жеңісінен кейін Батыр Жүкембаев бірнші жартылай орта салмақтағы “ТОП-20″ боксшының қатарына кірді. Сондай-ақ, бокс кеші аясында орта салмақ дәрежесінде өнер көрсететін тағы бір отандасымыз Аман Қазанғапов кезекті жекпе-жегін өткізіп, мексикалық Хесус Арриагиден ұпай саны бойынша басым түсті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp