Өткен аптада Есіл ауданында орналасқан “Красный бор” аңшылық алқабының аумағында браконьерлік әрекетке жол берілгендігі туралы аудандық ішкі істер бөліміне хабар келіп түсті. Қылмыстың ізі суымай жеткен полицейлер және “Красный бор” жануарлар әлемін қорғау мекемесінің қызметкерлері ақ қардың үстінде өліп жатқан 2 маралды тауып алды. Түз тағыларының оққа ұшқандығы белгілі болып, аңшылықтың заңсыз фактісі тіркелді.
Браконьерлер жануарлар әлемін жалпы сомасы 792800 теңге шығынға ұшыратты. Полиция қызметкерлері заңсыз аңшылық жасаған Есіл ауданының тұрғынын күдікті ретінде анықтап, тексеріс жүргізуде.
Ринат ЕСМАҒҰЛОВ,
облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі
аумақтық инспекциясының қызметкері.