«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Елбасы Джозеф Байденді АҚШ Президенті болып сайлануымен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Джозеф Байденге Америка Құрама Штаттарының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Elbasy.kz хабарлады.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті 2010 жылы Вашингтонда Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында өткен кездесуді, сондай-ақ олардың арасындағы телефон арқылы болған келіссөздерді жылы сезіммен еске алатынын атап өтті.
Елбасы Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестік әрі қарай да екі елдің игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірді.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Джозеф Байденге мемлекеттік қызметте табыс тіледі.


 https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp