«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛБАСЫ ІСКЕ ҚОСҚАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Биыл Елбасы жалпыұлттық телекөпір аясында іске қосқан инновациялық жобалардың ішінде Петропавлдағы “Радуга” ЖШС-нің құрғақ таңғы ас пен түрлі қауыздар өндіретін зауыты да бар. Дмитрий Шарапаев басқаратын компания жаңа өндіріс орнында 32 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етті.

Зауыттағы заманауи қондырғыларда еңбек ететіндердің бірі – қауыз өндірісінің операторы Жақсылық Елеуке.

– “Радуга” ЖШС-інде 8 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Бұған дейін өндіріс орнымыз облыс орталығына кіреберістегі, Пестрое көлінің қарсы бетіндегі ғимаратта орналасқан болатын. Қазіргі қонысымыз – Я.Гашек,1 мекенжайында. Компания “ПАМЖЗ” АҚ-ның бұрынғы бес қабатты еңселі ғимаратын күрделі жөндеуден өткізіп, өндіріс орнына айналдырды. Біздің цехымыз бесінші қабатта. Лифт арқылы көтерілеміз. Онда еңбек ететіндерге барлық жағдай жасалған. Әзірше жүгері таяқшаларының – 7, құрғақ таңғы астың 3 түрін шығарып жатырмыз. “Хит” маркасымен шығарылып жатқан өнімдеріміздің ерекше екендігін мақтан етеміз. Зауыттың өндіріс жөніндегі директоры Ботагөз Құлданованың айтуына қарағанда, ғимараттың төртінші қабаты іске қосылған кезде 25 өнім түрін шығаратын боламыз. Тап-таза, жап-жарық, жып-жылы орында еңбек етудің өзі бір ғанибет. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі күні елімізде теңдесі жоқ өнім шығарып жатырмыз, – дейді Жақсылық Ережеұлы.  

Нұрсайын ШӘРІП,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp