«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Еліктерді жайратып салған

Тәртіп сақшылары сібір еліктерін заңсыз атқан Жамбыл және Айыртау аудандарының тұрғындарын ұстады. Олардан 9 орман жануарының еті тәркіленді. Жамбыл ауданының полиция қызметкерлері Ольговка ауылының маңында заңсыз аңшылықпен айналысып жүргендер жайлы хабар алысымен бірден жолға шыққан. Күдіктілер полицейлерді көріп, қарда жүретін техникамен жасырынбақ болады. Алайда, браконьерлер тәртіп сақшыларынан сытылып кете алмады. Тексеру барысында анықталғандай, ұсталғандардың екеуі де Пресновка ауылының тұрғындары болып шықты. Оқиға орнын тінту барысында 4 сібір елігі, патрондар, гильзалар мен мылтықтар алынды.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз

қызметінің жетекші маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp