«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛ КУБОГЫ

Петропавлда допты хоккейден КСРО-ның спорт шебері, даңқты жерлесіміз Қазбек Байболовты еске алуға арналған ел кубогы өтті. Дәстүрлі сайысқа жерлестерімізбен қатар Астана, Ақтөбе қалаларының, Шығыс және Батыс Қазақстан облыстарының спортшылары қатысты.

Төрт күнге созылған жарыстың ақтық кезеңінде батысқазақстандықтар ақтөбелік қарсыластарын 5:0 есебімен жеңіп, 12 ұпаймен ел кубогының жеңімпазы атанды. Шығыс Қазақстан облысының өкілдері үздік үштікті түйіндесе, жерлестеріміз төртінші орынға жайғасты.

Қанат АТАМАНОВ, “Soltústіk Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp