“Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы” Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 10-бабының 4.1-тармақшасына сәйкес 2014 жылдың 24 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов біздің облысымыздың бірқатар білім ұйымдарының атауларын өзгерту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қол қойды.
Осы қаулының негізінде Петропавл қаласындағы №20 қазақ орта мектебіне көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеновтің, қалалық классикалық гимназияға белгілі жазушы, драматург Сафуан Шаймерденовтің есімдері берілді.
Есіл ауданындағы Николаевка ауылының Николаев орта мектебі белгілі ұстаз, Ленин орденінің иегері Асқар Игібаевтың есімімен аталатын болды.
Зейнолла ӘКІМЖАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.