«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ЕЛ ҚОРҒАУДЫҢ ҚУАТТЫ ҚОРЫНА”

Ел қорғаудың қуатты қоры күннен-күнге өсуде. Отан соғысы басталғаннан қаңтардың 20-сына дейін облысымыздың еңбекшілері КСРО-ның ел қорғау қорын нығайту үшін 3 миллион 442 мың сом ақша тапсырды. Мұның ішінде Петропавл қаласының еңбекшілерінен 1 миллион 503 мың сомға жуық қаржы түсті.

Қаржы жинауда Көкшетау ауданы алда келеді, бұл ауданның еңбекшілері ел қорғау қорына 262 мың сом ақша берді. Булаев ауданынан 220 мың сом, Пресновтан 201 мың сом, Красноармеец ауданынан 153 мың сом, Совет ауданынан 157 мың сом ақша түсті. Басқа аудандар да жүз мыңдаған сом қаржы берді.

Облыс еңбекшілері ел қорғау қорына 6 миллион 187 мың сомның облигациясын, 12.375 грамм күміс жəне 176 грамм алтын тапсырды.

(“Ленин туы” газеті,

23 қаңтар 1942 жыл).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp