«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕМДІК ШӨПТЕРДІ АЙЫРА АЛАМЫЗ БА?

“Аяғымыздың астындағы дәріхана”. Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітпахнасында өткен іс-шара осылай деп аталды.


Шара барысында “Солнышко” балабақшасының тәрбиеленушілері емдік шөптер туралы мағлұмат алды. Қай өсімдік қандай ауруға ем? Оларды басқасынан қалай айыруға болады? Қандай пайдасы бар? Кітапхана қызметкерлері осы сұрақтардың бәріне толыққанды жауап беріп қана қоймай, көрнекі құралдарды пайдаланып, емге дәру әр шөптің суретін көрсетті. Одан соң бүлдіршіндер жолжелкен, итмұрын, түймедақ сияқты пайдалы өсімдіктерді журналдар мен кітаптардағы суреттерден көріп, жұмбақ шешті. Кейбіреуінің атаулары балаларға таңсық емес екен. Әсіресе, ауырып қалғанда ата-анасы қолданатын шөптердің атауларын олар естеріне тез түсірді.  

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp