«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРЕКШЕ КЕЙІПКЕ ИЕ БОЛАДЫ

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының жөндеу жұмыстарымен танысты. Шілде айында бастау алған күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына облыс бюджетінен 212 млн. теңге қаржы бөлінген. Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Досбол Әбдіриісовтің айтуынша, құрылысқа «Мирас груп» және «Санэлектротех» ЖШС-лары жауапты. Бүгінде 100-ге жуық құрылыс маманы театр ғимаратының қасбетін, орталық алаңын, көрермендер залын және екінші қабатын жөндеп жатыр.

Бұл мәдениет нысанына соңғы рет жөндеу жұмыстары 2000 жылдардың басында жүргізілген екен. Бірер аптадан соң қаламыздың бас ғимараттарының бірі ерекше кейіпке ие болады. Бұған дейін шатыр жұмыстары аяқталып, пластик терезелер орнатылған. Ендігі кезекте ғимаратта жылыту, жарық пен ағаш есіктер орнату жұмыстары жүргізілуде. Жоба бойынша құрылысшылар сахна келбетін жартылай өзгертіп, жарықтандыру жаңа үлгіде жасалмақ. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp