«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРНАР АЙДАРДЫҢ ӘН КЕШІ

Белгілі әнші Ернар Айдар «Жастар жылы» аясында Петропавл қаласына келіп, ән кешін өткізді. Концертте халықтың көңілінен шығып үлгерген туындылармен қатар жаңа әндер де шырқалды.

Танымал әнші Ернар Айдардың ән кешіне келген халықтың қарасы қалың. Жас әнші гастрольдік сапармен Петропавл қаласына осымен 5-ші жыл қатарынан келіп отыр. Концерт барысында әнші мен көрермен арасында ерекше байланыс орнады. Өнерпаз залда отырғандармен әңгіме-дүкен кұрып, өз жоспарларымен де бөлісті.
“Қызылжарлықтар келген сайын керемет қарсы алады. Осы қаланың тұрғындары ерекше ықыласты. Ақжаулықты аналарымыз батасын беріп, “гүл ала алмаған едік” деп, қалтасындағы 500 теңгесін беріп жатады. Қызылжар өңіріне алғысым шексіз”, деп әнші өз лебізін білдірді.
Кеште көрермендер әншінің көптің көңілінен шығып үлгерген хит әндері «Жарай ма?», «Күнім, сен сөнбеші» әндерін бірге қосылып шырқап, билеп, жаңа туындыларды ерекше ықыласпен қабылдады.
Сонымен қатар, шара барысында жергілікті өнерпаздар да әннен шашу шашты.

http://petropavltv.kz 

Сурет https://24smi.org сайтынан алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp