Солтүстік Қазақстан облысы бойынша “Қазгидромет” РМК деректеріне сәйкес өңір аумағында 2014 жылғы 7 және 8 маусым күндері түнгі уақытта ауа температурасы кей жерлерде 0 және +5 градус болуы мүмкін.
Осыған байланысты облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент тұрғындардың қалыпты тұрмыс жағдайын қамтамасыз ету және төтенше жағдайдың алдын алу үшін тиісті сақтық шараларын қолдануға шақырады.
Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.