«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 06.06.2014

БОЛАШАҚҚА БАСПАЛДАҚ

Уақыт озған сайын өмірімізде жаңа үдерістер мен тың өзгерістер орын алуда. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” атты биылғы Жолдауы барша қазақстандықтардың жүрегіне жылылық нұрын ұялатып қана қойған жоқ, олардың жарқын болашаққа деген сенімдерін күшейтті. Ал Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуымен еліміз дамудың жаңа кезеңіне нық қадам баспақ. …

БОЛАШАҚҚА БАСПАЛДАҚ Read More »

ҰТАРЫМЫЗ КӨП

Астана қаласында Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы шартқа қол қойылуын қуанышпен қарсы алғандардың бірі екенімді жасырмаймын. Қазақта “араласпаса ағайын да жат болады” деген тамаша қанатты сөз бар. Бүгінгідей жаһандану дәуірінде бірлесе іс-қимыл жасау арқылы ғана қиындықтарды жеңетінімізді түсінетін мезгіл жетті. Сол себепті 170 миллион адамды біріктіретін әлеуеті зор тұтыну нарығына айқара жол ашылып, алып интеграция …

ҰТАРЫМЫЗ КӨП Read More »

ОЗЫҚ НӘТИЖЕМЕН ҚАТАР ОЛҚЫЛЫҚТАР ДА БАР

“Қазақстан” республикалық телерадиокорпорациясы” АҚ облыстық филиалында өткен тікелей эфирдегі баспасөз конференциясына облыстық Дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин қатысты. Шара барысында өңірдегі спорттың дамуы жайы айтылып, жергілікті тілшілердің сұрақтарына жауап берілді. Өткен жылдан бері жерлес спортшылар қатысып, бақтарын сынаған біріншіліктер мен басқа да спорт жарыстарының қатары артқан. Басқарма басшысының айтуынша, солтүстікқазақстандық спортшылар алпысқа …

ОЗЫҚ НӘТИЖЕМЕН ҚАТАР ОЛҚЫЛЫҚТАР ДА БАР Read More »

ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді

Дүниежүзілік нарықта теңқұқылы әріптес болу үшін, нарықтың ережесі бойынша жұмыс істеу қажет. Халықаралық тәжірибеде экономиканы реттеуге арналған тарифтік, тарифтік емес әдістер бар екені белгілі. Тарифтік әдістер – сан түрлі салықтық тарифтерге байланысты танымал емес әдістер, ол барлық мемлекеттерде бар және экономикаға қолдау көрсету үшін қажет. Ал экономиканы дамыту үшін техникалық реттеу ынталандыру факторы болып табылады, …

ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді Read More »

ТЫНЫШТЫҚ КҮЗЕТІНДЕГІ ТӨРТ ҰРПАҚ

Әке – баласы үшін шыңы биік асқар тау! Әр шаңырақта әкенiң орны ерекше. Ол – отбасының асыраушысы, тiрегi, қамқоршысы. Әкенiң мiнез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнерi мен бiлiмi – баланың көз алдындағы үлгi, өнеге алатын, оған қарап өсетiн нысанасы.  Осы сөздердің Магомедовтар отбасына тікелей қатысы бар деп айдан анық айтуға болады. Себебі – олар әкенің қатал болса …

ТЫНЫШТЫҚ КҮЗЕТІНДЕГІ ТӨРТ ҰРПАҚ Read More »

ТҮРКІ ТІЛДЕС ЕЛДЕРДІҢ ТІЛЕГІ БІР

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығының Төртінші саммитінің қорытындысына арналған брифингке қатысты. Қазақстан Президенті қарым-қатынастардың қарқынына экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық оң ықпал ететінін айта келіп, Түркі кеңесінің біздің ел мен мүше-мемлекеттер үшін маңыздылығын атап өтті. Бұдан бөлек, ол Әзірбайжан, Түркіменстан және Түркия басшыларымен болған кездесулер екіжақты өзара ықпалдастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылауға …

ТҮРКІ ТІЛДЕС ЕЛДЕРДІҢ ТІЛЕГІ БІР Read More »

ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ БАРЫСЫ САРАЛАНАДЫ

Кеше өңір басшысы Ерік Сұлтанов Индустрияландыру картасының бірінші бесжылдығының орындалу барысын саралау үшін облысымызға Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров бастап келген Үкіметтің ведомствоаралық жұмыс тобын қабылдады. Кездесуді ашқан Ерік Хамзаұлы:   – Өңірдің Индустрияландыру картасына инвестиция көлемі 38,2 млрд. теңгені құрайтын 31 жоба енгізілген. Бүгінге дейін жалпы сомасы 26,6 млрд. теңге болатын 28 жоба жүзеге …

ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ БАРЫСЫ САРАЛАНАДЫ Read More »

СҮЙЕГІ АСЫЛ АҚСАҚАЛ сый-құрметке бөленді

Ұлы Отан соғысының ардагері, қызылжарлық қадірменді қариялардың бірі – Қасым Жүнісов 90 жасқа толуымен таңырқатпайтын да тәрізді: ешкім де оған мұражайдың экспонатын көргендей қарамайды. Өзі де, сөзі де түзу. Алдыңгүні оның 90 жылдығы облыстық әкімдікте атап өтілгенінде жиналған жұрт осыған куә болды. Олардың бәрі де білетін ақсақалдың аңызға бергісіз өмірбаянын еске салып өткеннен кейін облыс …

СҮЙЕГІ АСЫЛ АҚСАҚАЛ сый-құрметке бөленді Read More »

БАС КӨШЕ КӨРІКТІ БОЛУҒА ТИІС

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов облыс орталығындағы бас көше – Қазақстан Конституциясы көшесі бойымен жүріп өтіп, ондағы ғимараттардың қас-бетіне, сауда орындары мен мекемелердің маңдайшаларына, гүлзарларға және басқа да нысандардың қалыптасқан жағдайларына жете назар аударып, оларды абаттандыра түсу жөнінде қала әкімі мен тиісті ведомстволар басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Ерік Хамзаұлы көше бойындағы үйлердің бірінші қабаттарына орналасқан сауда …

БАС КӨШЕ КӨРІКТІ БОЛУҒА ТИІС Read More »

ОҢАЙ ДА ТИІМДІ БОЛАДЫ

“Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту” бағдарламасы шартына бірқатар өзгерістер енгізілгеннен кейін облыстық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының виртуальды қабылдау сайтына Петропавл қаласының тұрғыны Талғат Әубәкіровтен сауал келіп түсті. Сұрақ: Биылғы жылдан бастап “Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту” бағдарламасы бойынша қосалқы мердігерді көпқабатты үйлердің тұрғындары өздері таңдай алатындығы жөнінде теледидардан естідім. Бұл қалай болады? Бұл сауалға басқарма басшысының міндетін …

ОҢАЙ ДА ТИІМДІ БОЛАДЫ Read More »

ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ КҮЗДЕ АЯҚТАЛАДЫ

Бүгіндері облыс орталығындағы М. Жұмабаев көшесінде де жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Чкалов және Ғ. Мүсірепов көшелерінің аралығы қосылса, қала бойынша жол қозғалысы едәуір жеңілдейтіні сөзсіз. Оған дайындық жұмыстары 2013 жылдың қазан айынан бастап қолға алынған. Тындырылған жұмыстар аз емес. Сол аумақта орналасқан жеке меншік сектордағы тұрғын үйлер, оған қоса қора-қопсылар бұзылып, гараждар орнынан алынған. Құрылыс …

ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ КҮЗДЕ АЯҚТАЛАДЫ Read More »

ШҰЖЫҚ ӨНІМДЕРІНІҢ САПАСЫ ЖАҚСАРАДЫ

Кеден одағының “Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы” жаңа Техникалық регламенті 2014 жылғы 1 мамырдан бастап күшіне енді. Енді шұжықтар өз атауларын ет және одан жасалған өнімдер сапасы тек жаңа техникалық регламентке сәйкес келетін болса ғана ала алады. Ал, қалғандарының бәрінде өнімдерінің атауларын өзгертулеріне тура келеді. Маркировкаға қойылатын талап қатая түсті. Айталық, “Любительская”, “Зернистая”, “Молочная”, …

ШҰЖЫҚ ӨНІМДЕРІНІҢ САПАСЫ ЖАҚСАРАДЫ Read More »

БАРША ҮШІН МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ

“СевКазЭнерго” акционерлік қоғамының Петропавлдағы №2-ші жылу-электр орталығы бірнеше жыл бойы энергия үнемдеу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру бағытында белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Кәсіпорын өзінің өндірістік көрсеткіштерін арттырса да, алынатын энергияны тиімді пайдалану қажеттігін назардан тыс қалдырып отырған жоқ. Бұл істен тұтынушылар да шет қалмағаны жөн. Себебі, жылу мен энергияны тек бірлескен күшпен ғана сақтауға болады. …

БАРША ҮШІН МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ Read More »

ЕСКЕРТУ

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша “Қазгидромет” РМК деректеріне сәйкес өңір аумағында 2014 жылғы 7 және 8 маусым күндері түнгі уақытта ауа температурасы кей жерлерде 0 және +5 градус болуы мүмкін.   Осыған байланысты облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент тұрғындардың қалыпты тұрмыс жағдайын қамтамасыз ету және төтенше жағдайдың алдын алу үшін тиісті сақтық шараларын қолдануға шақырады. Облыстық …

ЕСКЕРТУ Read More »

АЛАҢДА – БАСКЕТБОЛШЫЛАР

Спорт мектептерінің тәрбиеленушілері арасында баскетболдан облыс біріншілігі өтіп, оған 1998-1999 жылдары туған қыздар қатысты, деп хабарлады бізге облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі. Сайыстың қорытындысы бойынша Тайынша ауданының спорт мектебі жеңімпаз атанды. Ал петропавлдық “Барыс” пен Шал ақын ауданы құрама командаларының спортшылары екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті. Қанат АТАМАНОВ.

“ҚЫЗЫЛЖАР” СПОРТ МЕКТЕБІ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

“Жастар” стадионында спорт мектептерінің 1997-1998 жылдары туған тәрбиеленушілері арасында футболдан облыс біріншілігі аяқталды.   Үш күнге созылған жарыстың соңында футболдан “Қызылжар” ОБЖСМ жеңіске жетсе, “Жеңiс” МОРБЖМ – екінші, ал Айыртау ауданының спорт мектебі үшінші болды. Қанат АТАМАНОВ.

ҚОЛДА – АЗИЯНЫҢ ЖЕТІ АЛТЫНЫ

Қарағанды қаласында велоспорттан Азия біріншілігі өтті. Оған 29 елдің велошабандоздары қатысты. Аталмыш додада алты жерлесіміз өңір намысын қорғады.   Байрақты біріншіліктің қорытындысы бойынша андерлер арасындағы 30 шақырымдық жекелей жарыста жерлесіміз Виктор Окишев жеңімпаз атанды. Андерлер арасындағы 176 шақырымдық топтық бәсекеде Вадим Галеев бiрiншi орынға ие болды. Сондай-ақ, тағы бiр солтүстiкқазақстандық – Олег Земляков жарысты екiншi …

ҚОЛДА – АЗИЯНЫҢ ЖЕТІ АЛТЫНЫ Read More »

ІЗШІЛ ИТТЕР БҰЛТАРТПАЙДЫ

Жыл басынан бері облысымызда 226 қылмыс ашылып, 23 килограмм есірткі заттары тәркіленді. Бұған облыс кинологтарының қосқан үлесі де аз емес. Оған бір ғана мысал келтірейік, Уәлиханов ауданының орталығы Кішкенекөл ауылында “Цефей” деп аталатын қызметтік-іздестіру итінің көмегімен ет өнімдерін ұрлау қылмысы ашылды. Еті жоғалған ауыл тұрғыны бірден полицияға өтініш түсірді. Оқиға орнына келген инспектор-кинолог Аслан Темірғалиев …

ІЗШІЛ ИТТЕР БҰЛТАРТПАЙДЫ Read More »

ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТАР НАСИХАТТАЛДЫ

Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының мәжіліс залында “Жас ұлан” балалар мен жасөспірімдердің бірыңғай ұйымы “Этно Fashion” фестивалін өткізді. Оған мектеп оқушылары мен студент жастар қатысты. Фестиваль барысында Мемлекеттік рәміздер кез келген елдің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі екендігі айтылып, олардың қабылдану тарихынан қысқаша мәлімет берілді. Фестиваль шығармашылық мамандық …

ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТАР НАСИХАТТАЛДЫ Read More »

КЕШ КӨҢІЛДЕН ШЫҚТЫ

Петропавлдағы Достық үйінде Чайковскийдің “Евгений Онегин” операсының бірінші бөлігі шырқалды. Оны көркемдік жетекші еңбек сіңірген өнер қайраткері Юрий Колчиннің дирижерлік етуімен облыстық филармонияның камералық хоры мен жеке әншілері орындады. Онегиннің партиясын – Әділ Нұриахметов, Татьянаны – Маргарита Яшенкина, Ольганы – Лилия Петрова, Ленскийді – Меңдібай Қарабалин, Трикені Мирас Баянов шырқады. Операның әсем музыкасын, хордың көп …

КЕШ КӨҢІЛДЕН ШЫҚТЫ Read More »