«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ескі әдетіне басты

Қызылжар аудандық полиция бөлімі­не қала маңындағы Пеньково ауылының тұрғыны үйінен ақша мен зергерлік бұйымдарының ұрланғандығы жөнінде шағым түсірген. Ол шығын сомасын 330 мың теңгеге бағалаған. Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде бірнеше сағаттан соң ұрлық жасаған күдіктіні Петропавл қаласының аумағында қолға түсірді. Ол бұрын мүліктік қылмыстар жасағаны үшін бірнеше рет сотты болған Ақтөбе облысының 33 жасар тумасы болып шықты.

Аталған факті Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, тергеу жүргізілуде. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp