Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа мәжілісінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті. Вице-премьердің пікірінше, ет өндірісіндегі жоғары әлеуетті экспортқа пайдалана отырып, жаңа мақсаттар қоя білу қажет. Қазақстандық экспорттаушылар жаңа нарықтарды игере бастады, әрі қарай дамуға да негіз бар, сондықтан экспорттың бағыттарын анықтау керек.
Көктемгі егіс науқанына республикалық бюджеттен 60 млрд. теңге бөлінеді. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаровтың айтуынша, 2016 жылы көктемгі егіс жұмыстарын атқару үшін шаруашылықтарға шамамен 360 мың тонна дизель отыны қажет.
Облыстардағы алдын ала мәліметтерге қарағанда, 2016 жылы 21,6 млн. гектар жерге егін егіледі деп жоспарлануда. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 413 мың гектарға көп. Көктемгі егіс жұмыстары кезінде 18, 4 млн. гектар алқапқа дәнді дақылдар егіледі. 2016 жылы 1 ақпандағы жағдай бойынша 4,9 млн. тоннаға жуық астық экспортқа жөнелтілді. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 24 пайызға немесе 961 мың тоннаға көп.
“ҚазАқпарат”.