«Qyzylzar» креатив орталығында облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Шын жүректен» жобасы аясында «Еңбек адамы – ел мақтанышы» атты мерекелік іс-шара өтті.
«Шараға қатысушылар алдында сөз сөйлеген облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Анатолий Корабельников бұл кездесудің «Жұмысшы мамандықтары» жылы аясында өтіп жатқанын атап өтті. Жиынға еңбек ардагерлері ғана емес, жұмысшы мамандығын игерген жастар да қатысты.
Сахна төріне көтерілген «Үздік жастар тәлімгері» атағының иегері, ұзақ жылдар бойы Петропавл үй құрылысы комбинатында еңбек еткен Геннадий Языков, №2 жылу-электр орталығының машинисі Гүлнәр Жарасбаева, саналы ғұмырын Оңтүстік Орал темір жолының Петропавл бөлімшесіне арнаған Ирина Ануфриева, «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ-ның радиоэлектрондық құрал- жабдықтарды құрастырушысысы Дана Әблемова мен «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ- ның кескіш-машинисі Виталий Камалов өз мамандықтары жайлы айтып берді. Ұрпақ жалғастығының белгісіндей болған еңбек ардагерлері мен жас буынның басқосуында жұмысшы мамандар туралы жылы лебіздер, жүректен шыққан игі тілектер айтылды. Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.
Рабиға ЕРАЛЫ,
«Soltüstık Qazaqstan».