Өңіріміздегі ЕС-164/6 түзеу мекемесінде жазасын өтеушілерді пайдалы жұмыспен айналысуға, өзін-өзі жетілдіруге ынталандыру, қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуі үшін жүйелі жұмыстар жүргізіледі.
Жуырда мекеме әкімшілігі сотталған әйелдердің қайырымдылық қорын құру жөніндегі бастамасын қолдады. Қайырымдылық қорының мақсаты – балалар үйіндегі бүлдіршіндерге, АҚТҚ–ЖҚТБ жұқтырған балаларға көмек көрсету. Жазасын өтеушілердің бұл бастамасын жүзеге асыру мақсатында тігін шеберханасын ашуға бос орын бөлініп, өндіріс құралдары алынды.
Сурет https://openpolice.ru сайтынан алынды.