«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЗУШЫ ЖОЛЫ

Жазушы, журналист Жақсыбай Самраттың 60 жасқа тол­ған мерейтойына орай Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “Қарымды қаламгер” атты кеш өтті. Зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер мерейтой иесін құттықтап, шығармашылық жолы жайында әңгіме өрбітті.

Есіл ауданының Тауағаш ауы­лында дүниеге келген қаламгер 1993 жылдан бері облыстық, рес­публикалық бұқаралық ақпарат құ­ралдарында еңбек етіп, қоғам­ның өзекті мәселелерін қозғап, әде­биет­сүйер қауымға тың дү­ние­ле­рі­мен танылды. Ол 2004 жыл­дан “Egemen Qazaqstan” га­зе­тінде саяси шолушы қызметін атқарды. Жиын барысында жур­на­листің қо­ғам өмірінде орын ал­ған кемші­лік­терге бейжай қара­май, сын мақа­лалар жазуда бел­сен­ді екені сөз етілді. “Жақсыбай Баянұлының есепшілік жолдан түпкілікті бас тартып, руханиятқа бет бұруы кез­дейсоқ емес. Ол әділдіктің туын ұстаған марқұм Мә­лік Мұқановтан кейінгі ақиқат­ты тура айта алатын қаламы қа­рымды қаламгер ретін­де таныл­ды. “Бітеу жара” рома­ны­ның өзін­де 1986 жылы болған оқи­ға­ны шынайы жеткізіп, жас­тар­дың жазықсыз жапа шеккенін ашық­тан-ашық жазды”, – деді өз сөзін­де еңбек ардагері Құдай­берген Қалиев.

Облыстық ардагерлер кеңесі­нің төрағасы Ескендір Елеусізов қаламгердің азаматтық қырына тоқталды. Алдыңғы буын ағалар­дың ойын қаламгердің ізін басқан журналист, “Qazaqstan” ұлттық ар­насының өңіріміздегі меншікті тіл­шісі Сағындық Мауғазин жал­ғай түсті. М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің профессоры Жанар Та­лас­­паева жазушының шығар­машы­лығына талдау жасады.

Гүлбике КУБЕНОВА,

“Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp