«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЛҒАН БАЛГЕР

Полицияға интернет-алаяқтықтың құрбанына айналған 27 жасар қала тұрғыны жүгінді. Фатима есімді әйел «Instagram»-да дуадан құтылу, болашаққа болжам жасау және өмірді жақсартумен байланысты рәсімдерді орындайтыны туралы хабарландыру жариялаған. Бұл қызметтерді пайдаланған қала тұрғыны бір ай бойы хабарландыру жариялаған әйелге ақша аударған. “Рәсімдерді бастағасын толық орындап шығу қажет. Барлық дұғаларды аяқтау керек. Осылайша ол мені бір рәсімнен келесі рәсімді орындауға және ақша аударуға көндірді, ақша майшам, түрлі шөптерді сатып алуға қажет деп түсіндірді”, – деді алданған әйел. Нәтижесінде ол банк картасына және телефон нөміріне 150 мың теңге аударған. Жалған балгер телефонға мүлдем жауап бермеген кезде ғана ол өзінің алаяқтың құрығына түскенін түсінген.

-Алаяқтар түрлі айланы пайдаланады. Жыл басынан бері облысымызда 300-ден астам интернет-алаяқ фактісі тіркелді. Алаяқтардың арбауына түспес үшін ең дұрысы, күмәнді ұсыныстарға келіспеген жөн. Тауарды тексерілген интернет-дүкендерден немесе сенімді қосымшалардан сатып алу керек,- дейді облыстық криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Петр Климов. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp