«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАРАЙСЫҢ, ӘЛИЯ!

Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталып, әр облыс өздерінің оза шапқан оқушыларын анықтады. Біздің облыс бойынша Тимирязев ауданындағы Сәбит Мұқанов атындағы мектеп-гимназияның 120 балл жинаған түлегі, Әлия Байжанова озды. 

Оқу инемен құдық қазғандай екенін түйсінген Әлия Байжанова білімге бала күнінен құмарлығымен көзге түскен. Ол талай конкурстар мен олимпиадаларда мектебінің намысын қорғап жеңімпаз, жүлдегер атанған. Орыс тілі, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен өткен облыстық олимпиадалардың, республикалық президенттік олимпиаданың жүлдегері.

Әлия бесінші пән ретінде биология пәнін таңдағанын айтады. “Болашақ мамандығымды биотехнологиямен байланыстырып, елімізде сұранысқа ие мамандық иесі болсам деймін”, – деді ол телефон арқылы байланысқанымызда.  

Өзінің жетістіктеріне ұстаздары мен ата-аналарының қосқан үлесі зор екендігін де айтып қалды сөз арасында. Ал Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде тарихқа қатысты сұрақтардан біраз қиналғанын жасырмады.

Әлияның сынып жетекшісі Гүлнара Мырзабаева оқушысының мектептегі барлық іс-шараларда белсенді, жауапкершілігі мол, тәрбиелі, салмақты екендігін мақтаныш сезіммен жеткізді.

Қарапайым отбасынан шыққан Әлия Байжанова ата-анасы мен ұстаздарының үмітін ақтап, “Алтын белгі” иегері атанды.

Ләйла ЖАНЫСОВА,

“Солтүстік Қазақстан”. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp