«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 11.06.2014

ТАҒАЙЫНДАУЛАР

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановтың өкімімен Владимир Степанович Бубенко облыс әкімінің құрылыс, көлік және автомобиль жолдары мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Владимир Степанович Бубенко 1954 жылы туған, Целиноград ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Калинин атындағы кеңшардың аға диспетчері болып бастады. “Молодежный” кеңшарының машина-трактор шеберханасының …

ТАҒАЙЫНДАУЛАР Read More »

ҚАПАСТА ОТЫРҒАНДАР ЖҰМЫСҚА ЗӘРУ

Түрмеде отырғандар мен одан босап шыққандарды жұмысқа орналастыру арқылы елдің ішкі жалпы өнімін 0,5 пайызға арттыруға болады екен. Бұл – мамандардың пікірі. Ендеше, бұл мәселе шешімін тапса, экономикамыз үшін шығын емес, керісінше , тиімді болмақ.  Осы орайда талай жылдан бері көтеріліп келе жатқан, алайда, түбегейлі шешімін таппаған мәселеге қатысты оң қадам жасалғандай. Үстіміздегі жылы 4 …

ҚАПАСТА ОТЫРҒАНДАР ЖҰМЫСҚА ЗӘРУ Read More »

НАННЫҢ ҚАДІРІН КЕТІРМЕЙІК

Біздің бала кезімізде әкем бөлке нанды тураған соң оның дастарқанға түскен үгіндісін сыпырып-сиырып жеп отыратын. Бізді де “Нанның қоқымын көп жесең, бай боласың”, – деп қолпаштап қоятын. Ал нанның жерде жатқанын көрсе, аса ашу шақыра қоймайтын әкемнің түсі бұзылып, дауысы қатқыл шығатын еді. Бірде мен осындай бір оқиғадан кейін: “Әке, неге сонша ашуланасыз? Қатып қалған …

НАННЫҢ ҚАДІРІН КЕТІРМЕЙІК Read More »

БАҚЫЛАУ БӘСЕҢДЕТІЛМЕЙДІ

Мемлекеттік қызмет сапасын бақылауды жүзеге асыруда қоғамдық мониторинг тетіктер және жеке тұлғалармен өзара ынтымақтастық жөніндегі қоғамдық кеңеске, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі жанындағы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдар мен оның аумақтық департаменттеріне маңызды рөл берілген. Бүгінгі күні мемлекеттік қызмет көрсету саласында оны ұсыну процедураларының, көрсету мерзімдерінің көптеп бұзылуынан бастап, мемлекеттік …

БАҚЫЛАУ БӘСЕҢДЕТІЛМЕЙДІ Read More »

ЕР ЕСІМДЕЙ ЕР ҚАЙДА?!.

“Кешегіні бүгін ұмыту парасаттылыққа жатпайды” деген ұғымды ешқашан жадымыздан шығармауға міндеттіміз. Осы орайда бүгінгі Шал ақын ауданына елеулі еңбек сіңірген Социалистік Еңбек Ері Есім Шайкин жайлы бірауыз сөз айтуды азаматтық парызым деп білемін. Ел қамын өз басынан артық ойлаған Есім Шайкенұлы аудан тізгінін қолға алған сәттен-ақ өзіне жүктелген жауапкершілік жүгін қара нардай көтеріп, халық мүддесін …

ЕР ЕСІМДЕЙ ЕР ҚАЙДА?!. Read More »

АБАЙ СӨЗІН САНАСЫНА СІҢІРГЕН САЯН

Абай оқуларының қалалық және облыстық кезеңдерінде жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары бақ сынаған сайыста қазақ мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Саян Ермек жеңімпаз атанып, сайыстың республикалық кезеңіне жолдаманы ұтып алғанды. Жуырда жеңімпазбен сұхбаттасудың сәті түсті. – Саян, осындай ауқымды сайысқа қатысып, жеңімпаз атану қандай әсер қалдырды? – Абай – қазақтың бас ақыны. Әрі Абай атамыздың қара …

АБАЙ СӨЗІН САНАСЫНА СІҢІРГЕН САЯН Read More »

САРАҢДЫҚ

Бірде Орынбай ақын жол жүріп келе жатып бір байдың үйіне ат басын тіресе керек. Шаңыраққа ілінген еті тұрады. Әлгі бай сараңдық жасап шешенге құр көже қайнатып беріпті. Көжені ішіп болғаннан кейін бай Орынбайдан бата қайтаруды тілейді. Сонда Орынбай шаңыраққа қарап отырып:Иә, Құдайым оңдасын,Тілеуіңді жолдасын!Құр көжемен қайтарған,Сараң бай оңбасын!Шаңырақ толы етті қой,Көжеге бата жетті ғой.Еті тұрып …

САРАҢДЫҚ Read More »

СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ БҮРКІТ

Ақын, әнші, сазгер Бүркіт Бекмағанбетовтың есімі қазақстандықтарға жақсы мәлім. Ол – Есіл ауданындағы Өрнек ауылының тумасы. Қазір Алматы қаласында тұрады. Жиырма жылға жуық Солтүстік Қазақстан облыстық телерадио компаниясында дикторлық қызмет атқарған ол 1988 жылы Қазақ радиосына ауысты, содан бері осы жүйеде диктор, “Қазақстан Ұлттық телеарнасының диктор-аудармашысы болып еңбек етіп келеді. Бүркіт Мәжитұлының дауысы футбол жанкүйерлеріне …

СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ БҮРКІТ Read More »

ТӘРБИЕ ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

Бүгінгі таңда өскелең ұрпақтың тіл үйренуге деген құштарлығы қуантарлық. Ал алдыңғы толқынның осыған қосып отырған үлесі қандай? Мен бұл жерде аталар мен әжелер жайында айтқым келеді. Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпын. Тіл жағына келгенде жастарға үлгі-өнеге етуге боларлықтай қариялар аз емес. Бірақта көшеде немересімен орысша шүлдірлеп бара жатқан апа-аталарды көргенде кейбір кезде: “Өздері орысша сөйлегенше, …

ТӘРБИЕ ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ Read More »

ҚАМҚОРЛЫҚ КӨРІП, қанаттанып қалдық

“Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын” деген сөз бар дана халқымызда. Мен соған сүйене отыра бүгін “Ұлпан ” қосымшасы арқылы бір топ ақ халатты абзал жандарға алғыс айтқым келіп отыр. Жаны жайсаң, жүрегі мейірімді медицина қызметкерлері Қызылжар ауданына қарасты Бескөл ауылында орналасқан мүгедектерді сауықтыру орталығында еңбек етеді.  Менің бар саналы өмірім Шал ақын ауданындағы Ступинка ауылында …

ҚАМҚОРЛЫҚ КӨРІП, қанаттанып қалдық Read More »

ҰСТАЗДЫҒЫ АҚЫНДЫҚҚА ҰЛАСЫП ЕД…

Ысқақова Манап марқұмның бейнесі дәл бүгінгідей көз алдымда. Өткен ғасырдың елуінші жылы ол кейін тұрмыс құрып, шаңырақ көтерген өмірлік серігі – Мағжан Рақымовпен, менің болашақ зайыбым – Зурамен Петропавл педагогика училищесінде оқыса, өзім К. Ушинский атындағы мұғалімдер даярлайтын институттың тіл-тарих факультетінде білім алып жүрдім. Соғыстан кейінгі ауыр жылдар, шаруашылық күйзелген, халықтың тұрмысы нашар. Соған орай …

ҰСТАЗДЫҒЫ АҚЫНДЫҚҚА ҰЛАСЫП ЕД… Read More »

«Солтүстіктің» қазақтілді сайты

Интернет аудиториясының кеңеюі қазақ баспасөзінің, жалпы қазақстандық медиаплатформаның алдына жаңа талаптар қойды. Баспа БАҚ-тың, әсіресе, аймақтардағы облыстық газеттердің жаңа медиа нарыққа бейімделуі – қазақ журналистикасының алдында тұрған маңызды мәселенің бірі. Әрине, ақпарат тасқынында жедел жаңалықтарымен көзге түспесе де, салмақты мақалаларымен өз аудиториясын жинап отырған редакциялар аз емес. Солардың бірі – Солтүстік Қазақстанның облыстық газетінің Интернет …

«Солтүстіктің» қазақтілді сайты Read More »

ТАҢДАУЛЫ ЖӨНДЕУШІЛЕР АНЫҚТАЛДЫ

Бескөл ауылындағы Қызылжар аудандық ЭТЖ-нің оқу-жаттығу полигонында электр тарату желілерін пайдалану бойынша жедел-жөндеу қызметкерлерінің кезекті кәсіби жарысы болып өтті. Оған 13 ауданның электр жөндеушілер командасы қатысты. – Энергетика саласында жұмыс істеу қауіпсіз емес. Сондықтан біздің жиынымыздың басты мақсаты мен міндеті – өндірістік жарақаттарды азайту, – деді турнирдің ашылу салтанатында “Солтүстік Қазақстан электр тарату желілері компаниясы” …

ТАҢДАУЛЫ ЖӨНДЕУШІЛЕР АНЫҚТАЛДЫ Read More »

КӨППӘТЕРЛІ ҮЙЛЕР – АУЫЛ КӨРКІ

Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда көппәтерлі 111 тұрғын үй бар, оның 85-і Новоишимка ауылында. Олардың жалпы аумағы – 256 800 шаршы метр, пәтерлер саны – 2100. Аудандағы тұрғын үй қоры 1970-1980 жылдары қалыптасқандықтан, біразы тозған. “ТКШ-ны жаңғырту” бағдарламасын жүзеге асыру үшін ауданда кондоминиумның 13 нысаны құрылып, тіркеуден өтті. Оған 18 көппәтерлі тұрғын үй, 2241 тұрғыны бар 747 …

КӨППӘТЕРЛІ ҮЙЛЕР – АУЫЛ КӨРКІ Read More »

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ – БІЛІМДІ ЖАС

Осыдан жиырма жыл бұрын ұсынған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы іс жүзінде орындалып, елордамыз Астанада Еуразиялық экономикалық одақты құру жөніндегі шартқа қол қойылды. Бұл келісімнің маңыздылығын ұғып, одақтың қызметін өз мемлекетіміз үшін тиімді пайдалана білуіміз керек.  Қандай жиын болсын, Мемлекет басшысы Қазақстанның Тәуелсіздігі ең басты құндылық екендігін айтып жүр. Сол себепті де Мәңгілік Елге айналу, ел …

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ – БІЛІМДІ ЖАС Read More »

Аймағамбет БАРЛЫБАЕВ: “ЖӘРДЕМҚАРЖЫНЫ ҚАЛТАСЫ ҚАЛЫҢ ІРІ АГРОҚҰРЫЛЫМДАРҒА ЕМЕС, АУЫЛДАҒЫЛАРҒА БЕРУ КЕРЕК”

Елбасы Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсірудің маңыздылығын атап айтып, ет және сүт өнімдерін экспорттайтын өңірлік ірі елге айналу міндетін қойды. Соған орай Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Аймағамбет Барлыбаевты сөзге тартқан едік. – Аймағамбет …

Аймағамбет БАРЛЫБАЕВ: “ЖӘРДЕМҚАРЖЫНЫ ҚАЛТАСЫ ҚАЛЫҢ ІРІ АГРОҚҰРЫЛЫМДАРҒА ЕМЕС, АУЫЛДАҒЫЛАРҒА БЕРУ КЕРЕК” Read More »

САХНАДА – “СЕРІЛЕР”

Мектеп оқушыларынан құрылған “Серілер” өнер ұжымы облысымыздың өзге өнерпаздары сияқты әлі байқауға қатысып, жүлделі орындардан көріне қойған жоқ. Топ болып құрылғанына небәрі 4 жыл өтті. Десе де, аз уақыт ішінде өнерпаздар көрермен сүйіспеншілігіне бөленіп үлгерді десек, қателеспейміз. Соңғы уақытта өңірімізде қазақ мектептері арасынан шыққан ансамбльдердің қатары сирек. Өкініштісі де сол. Баланың бойына ұлттық өнер мен …

САХНАДА – “СЕРІЛЕР” Read More »

МЕМЛЕКЕТ ТАҒДЫРЫ – БАРШАМЫЗДЫҢ ЖӘНЕ ӘРҚАЙСЫМЫЗДЫҢ ТАҒДЫРЫМЫЗ Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы Марат Әзілхановпен әңгіме

– Жақында Дін істері агент­тігінің құрылғанына үш жыл толды. Атқарылған істер көпші­лік­­тің көз алдында. Десек те, ең бас­ты нәтижелер ретінде нені атар едіңіз? – Қазір Қазақстандағы діни ахуалды тұрақты деп айтуға толық негіз бар. Бұл – осы салаға жұмсалған орасан зор күш-жігердің нәтижесі. Агенттік тарапы­нан мемлекеттің дін саласындағы стра­те­гиялық бағытын айқындаған жаңа заң әзір­леніп, қолданысқа …

МЕМЛЕКЕТ ТАҒДЫРЫ – БАРШАМЫЗДЫҢ ЖӘНЕ ӘРҚАЙСЫМЫЗДЫҢ ТАҒДЫРЫМЫЗ Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы Марат Әзілхановпен әңгіме Read More »

ОТТЫҢ ЛАП ЕТЕ ТҮСУІ ОП-ОҢАЙ

Өңірде жыл басынан бері 397 өрт шығып, 60 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірді. Оттан 28 адам мерт болды, соның ішінде 4 бала да бар. Сондай-ақ, 21 адам әртүрлі дене жарақатын алды. Өткен аптада 17 өрт оқиғасы тіркелді. Совет көшесінде тұратын қалалық өз ауласында болгарка қайрақ-арасымен 200 литрлік темір бөшкені кескен, одан шыққан ұшқыннан бөшкенің …

ОТТЫҢ ЛАП ЕТЕ ТҮСУІ ОП-ОҢАЙ Read More »

САЙЫС АЛАҢЫНДА – КАРАТЭШІЛЕР

Облыс орталығында каратэ кекушинкайдан қалалық ашық біріншілік өтті. Бұл жарыста облыс орталығының 9 мектебі, “Тұлпар” балалар мен жасөспірімдер клубы және Айыртау ауданының 200-ден астам спортшылары сынға түсті. Ашық турнирдің қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші орынды №42 орта мектеп еншіледі. Екінші орынға “Тұлпар” балалар мен жасөспірімдер клубының тәрбиеленушілері көтерілсе, №9 мектеп каратешілеріне үшінші орын бұйырды.