«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСТАР ТӘЛІМГЕРІ

Бүгінде егін басынан алысқа ұзамаған, төрт түліктің қамымен қысы-жазы қолы айыр мен күректен босамаған, темірден түйін түйген шеберлер, басқа да еңбек адамдары қоғам арасында ерекше құрметке ие. Солардың бірі – “Аврора – ТрансСервис” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің моторисі Сергей Матеров деуге болады.

Облысымыздағы жолаушылар тасымалы саласына өзіндік үлесін қосып отырған серіктестіктің қоғамдық көліктері Петропавл қаласының шағынаудандарына, еліміздің бірнеше қалаларына жолаушылар тасымалдайды. Сергей Иванович сияқты серіктестіктің озат жұмысшылары біліктілігінің арқасында барлық көліктер ақаусыз жұмыс істеп, жолаушыларға талапқа сай қызмет көрсетіледі.

Жекеменшік кәсіпорында жиырма жылдан бері табысты еңбек етіп келе жатқан шебер өз тәжірибесін жастарға үйретуден де жалығар емес.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

СУРЕТТЕ: моторист С.Матеров.

Суретті түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp