Жыл басынан бері облыс полицейлері кәмелеттік жасқа толмаған 24 жасөспірімнің жүрген жерін анықтады.
Батыс Қазақстан облысының тұрғыны 17 жастағы Никита Фоменконы өңірлік ювеналдық полиция қызметкерлері түнгі уақытта Петропавл қаласындағы компьютерлік клубтардың бірінен тапқан. Тәртіп сақшылары жасөспірімнің мекенжайын жақындарына хабарлап, оны уақытша Қызылжар ауданындағы Архангелка ауылындағы балаларды қолдау орталығына орналастырған. Бірақ ол жерден белгісіз бағытта қашып кеткен Никита Фоменко бүгінде іздестіріліп жатыр.
Үстіміздегі жылы облыс аумағында адамдардың із-түзсіз жоғалуына қатысты 132 өтініш түсіп, оның 84-інің жүрген жері кезекші тәулікте анықталған.