«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУ — ЖҮРЕКТЕН

Республикалық “Балалар – балаларға” акциясының аясында Петропавл қаласындағы №44 орта мектепте қайырымдылық іс-шарасы өтті. Шараға мектеп оқушыларының барлығы дерлік қатысып, өзгеге көмек қолын созуға әрдайым дайын екендерін айғақтады.

– Қайырымдылық акциясын өткізудің мақсаты – балалардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен жанашырлығын арттыру. Олар өз еріктерімен артық заттарын алып келді. Мұндай шарадан ата-аналар да қалыс қалмады. Мектеп оқушылары киім-кешек, оқу-құралдары, ойыншық сияқты жекелеген заттарын әкеліп, ұйымдастырушыларға тапсырды, – деді №44 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Жанна Қабашева.

Акция барысында жиналған заттардың барлығы аз қамтылған және толық емес отбасылардың балаларына табыс етілді. Үстіміздегі жылдың қаңтар айының 10-ынан бастау алған қайырымдылық шарасы бір айға жалғасады.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp