ЖЫРЛАРЫ ЖАНДЫ БАУРАҒАН
Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында ақын, жазушы-журналист, жерлесіміз Владимир Щукиннің 75 жылдығына арналған “Березовый свет откровения” атты көрме өтті. Шара барысында М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Зинаида Табакова талантты ақынның өмір жолы, шығармашылық мұрасы жайлы баяндап, көрменің маңыздылығына тоқталды.