«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жақсылық Үшкемпіровтің рухына арнады

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов (18-7-1) Ресейде өткен “Fight Nights Global 98” турнирінде айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Мәскеу төрінде ұйымдастырылған айқаста отандасымыз әу баста ресейлік Олег Косинов­пен (7-5) кездесуі керек еді. Алайда, жарысқа бір күн қалғанда оның орнына тағы бір ресейлік спортшы Ахмад-Хан Боков шығатыны белгілі болды. 74 килограмм салмақ дәрежесінде өткен кездесуде “Найман” лақап атымен танылған Қуат қарсыла­сын бірінші раундтың орта тұсында қылқындыру әдісімен жеңіп кетті. Ол бұл жеңісін классикалық күрестен Олимпиада чемпионы марқұм Жақсылық Үшкемпіровке арнады.

Бұл Қуат Хамитовтың кәсіби мансабындағы 19-шы және соңғы төрт жылдағы алғашқы жеңісі. 32 жастағы қазақстандық 2016 жылдан кейін аралас жекпе-жек спортында бірінші рет жеңіс тойын тойлады. Бұл уақыт аралығында үш айқас өткізген ол үшеуінде де қарсыластарына жол берген еді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp