«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жақын туыстардың мемлекеттік қызметте бірге жұмыс істеуіне тыйым салынды

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда және басқа да бірқатар заңдарда мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен оларға теңестірілген адамдар жақын туыстары, жұбайлары немесе жекжаттары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты лауазымдарды ғана атқара алмайтынын, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайлары немесе жекжаттары тікелей бағынысты лауазымдарды иелене алмайтынын хабарлады.

“Мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар үшін өздері үміттеніп отырған лауазымға орналасуға ұйымның басшылығына осы ұйымда жұмыс істейтін жақын туыстары, жұбайы және (немесе) жекжаттары туралы жазбаша нысанда хабарлау міндеті енгізіледі”, – деді О.Бектенов. 

 https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp