Облыстық перинаталды орталықтан бізге хабарлағанындай, өткен жылдың соңғы күні 9 сәби дүниеге келсе, қаңтардың 1-5-і аралығында өмір есігін ашқан сәбилер саны 34-ке жеткен.
– Жаңа жыл күні босанған аналардың көңілкүйлері жаман емес. Алды үйлеріне оралды. Жалпы жыл жақсы басталды. Алда әлі де сүйінші сұрар сәттер көп болады деген үміттеміз, – дейді аталмыш орталықтың бас дәрігері Жанна Мауытова.
Петропавл қаласының тұрғыны Айнаш Қасымова – Жаңа жылды бөпесімен қарсы алған бақытты жандардың бірі. Екі баланың анасы 2016 жылғы 1 қаңтар күні босанып, салмағы – 3,300 грамм, бойы 53 сантиметр қыз баланы өмірге әкелді.
Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,
“Солтүстік Қазақстан”.