«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңа мешіт бой көтеруде

Тәуелсіз ел болғаннан бері болашағымызды баянды ету бағытында қолға алып жатқан шаруаларымыз көбейе түсуде. Ойға алғандарымыз орындалып, халық олардың игілігін көріп, көңіліміздің марқайып жатқаны қуанышты-ақ. Ана кездері өзгенің аузына қараған заманда, яғни бүгінгідей өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілмей тұрған тұста, көп қымбатымыздан айрылуға, шеттетілуге, шектелуге мәжбүр болдық. Имандылық мәселесін де солардың қатарына қосуға әбден болады.

“Дін – апиын” саналғандықтан, оған бет бұруға жастар былай тұрсын, жасы үлкендердің өзі бата алмады. Мұндай жағдайда қаламызда, өңіріміздің елді мекендерінде мешіт құрылысын салу деген бос әңгіме еді. Ал қазір бұған қатысты жағдайымыз түпкілікті өзгерген десе болады.

Біздің қаламызда тағы бір жаңа мешіттің құрылысы “Корона” сауда үйі орналасқан шағынауданда бой көтеруде. Алланың жердегі үйі – 500 орындық. Ішінде неке қию залы болады. Құрылыс жұмысы үстіміздегі жылдың маусым айында басталған, оны 2017 жылдың желтоқсан айында аяқтау көзделіп отыр.

Қошан ҚАЛИ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp