«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңа орынбасар тағайындалды

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Құрылыс, көлік және автомобиль жолдары жөніндегі орынбасары қылып Президент Әкімшілігінің келісімімен Құмар Ақсақалов өзінің өкімімен Турков Иван Ивановичті тағайындады.

1976 жылы бұрынғы Көкшетау облысының Красноармейск қаласында туған И.Турков бұған дейін Тайынша ауданы әкімінің орынбасары, Жамбыл ауданының әкімі болған. Оның соңғы қызметі – Тайынша ауданының әкімі.

Облыс әкімінің отырысында осы кадрлық тағайындауды жариялаған Қ.Ақсақалов орынбасарын қиын учаскедегі жұмысты белсенді атқаруға шақырды. “Біз құрылыс қарқынын төмендетпей 2021 жылы да осы екпінді сақтауымыз керек. Автомобиль жолдарын жақсартуға белгіленген бағдарламалар толығымен орындалуын қадағалауыңыз керек”, – деді ол.

egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp