«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңа тоқсандағы оқу

Дүйсенбіден өңір мектептерінде екінші тоқсан бастау алды. Облыстық білім басқармасындағылар бұл тоқсанда білім беру үрдісін қалай ұйымдастыратындарын айтып берді.

Дәстүрлі сабақ 359 мектепте өтіп жатыр. Атап айтсақ, 23 мыңға тарта ауыл баласы әдеттегідей күнделікті мектепке барып, білім нәрінен сусындап жүр. Дәстүрлі сабақты ұйымдастырғандар – шалғай елді-мекендердегі шағын жинақты мектептер.

“Ал 31 мың солтүстік қазақстандық оқитын 118 білім ошағында оқу үрдісі қашықтан жүргізіледі. Бұлар – Петропавл қаласындағы және аудан орталықтарындағы мектептер. Аталған білім беру ошақтарында тек бастауыш сыныптардағы 19953 оқушыға ғана кезекші сыныптар ұйымдастырылған,” – деп атап өтті облстық білім басқармасының бөлім басшысы Валентина Черных.

Қазіргі таңда 1638 кезекші сынып жұмыс істеп тұр. Олардағы бала саны 15-тен аспауы тиіс. Сондықтан сабақ екі ауысымда жүреді. Эпидимиологиялық жағдай жақсарса, мектепке барып оқитын жасөсіпірімдердің санын арттыруға болады дейді білім басқармасындағылар. Ал әзірге, 5-11 сыныптардың оқушылары сабақты үйде отырырып оқуға мәжбүр.

“Білім беру үрдісін ұйымдастыру үшін қолда бар 16 755 компьютердің 13 503 бірлігі оқушыларға таратылды. Оның ішінде 6 006 компьютер әдейі сатып алынып, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларында тұратын балаларға берілді. Жергілікті қазына есебінен 1972 компьютер алдық. Бұдан бөлек, тағы 12 мыңға жуық компьютер, ноутбук, планшет алу үшін республикалық бюджет есебінен 1,8 мдрд теңге бөлінді,” – деп қосты Валентина Черных.

Тағы 120 млн теңгеге дене қызуын өлшейтін құралдар, санитайзерлер, антисептик, маска мен кіреберіске аяқ сүртетін кілемшелер алынған. Бұл қорғаныш заттары мектепке барып оқитын оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Балалардың дене қызуын тексеру бірінші тоқсандағыдай жүргізіліп, жуып-тазалау шаралары да қатаң сақталмақ. Ата-аналарға мектепке кіруге рұқсат етілмейді.

Сурет: https://www.inform.kz/


 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp