«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕДЕЛ ШТАБ ҚҰРЫЛДЫ

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында экономикадағы күйзелістік жағдайларға әрекет ету жөніндегі жедел штаб құрылды. Оның құрамына басқарма мүшелері және палатаның жауапты қызметкерлері енді.

Жедел штабтың міндеті ағымдағы экономикалық ахуалдың жағдайындағы мәселелер туралы бизнес дабылдарына, Үкіметтің және өкілетті органдардың жедел ақпараттандырылуына, бизнесті қолдаудың күйзеліске қарсы шараларын жасауға әрекет ету болып табылады.

Жедел штаб өз қызметін, соның ішінде Ресей Федерациясымен сауда шектеуі, сатып алу мен жергілікті өнімге қолжетімдігі, теңгелік кредиттердің қолжетімдігі сияқты мәселелер бойынша жүргізеді.

Экономикадағы күйзелісті жағдайларға байланысты бизнес жүргізуде қиындық көріп отырған кәсіпкерлер республика бойынша палатаның CaII-center-дегі бірыңғай 59-79-60 нөміріне, Алматы қаласы үшін 259-79-60 нөмірі бойынша хабарласа алады немесе өз өтініштерін e-maiI: cc@paIata.kz және www.paIata.kz сайтына жіберуіне болады.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp