Петропавлдық жанкүйерлер қала күнінде аралас жекпе-жек ойындарын тамашалау мүмкіндігіне ие болды.
Солтүстік өңірдің үшінші ашық чемпионатының финалына қатысу үшін Петропавлға 40-тан астам жігіт жиналған. Олардың арасында Астана, Павлодар, Кокшетау, Қостанаймен қатар Ресейдің Түмен қаласының өкілдері де болды. Арнайы дайындықтары бар кәсіби жекпе-жекшілер арасынан гран-приге таласқан 4 жігіттің ішінен қостанайлық Еркебұлан Әбішев жеңіске жетті.