Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ниет білдірушілерді әріптестік орнатуға шақырады.
Қазіргі уақытта бізбен әріптестік орнатуға үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық қоғамдық бірлестіктер, құқық қорғау органдары, сонымен қатар өңіріміздің 1000-нан астам белсенді тұрғындары ынта-ықылас білдіріп отыр.
Келісім мәтінімен anticorruption.gov.kz сайтының “Жұртшылықпен әрекеттестік” бөліміне еніп, танысуға болады. Бізбен әріптес болғысы келетіндер қол қойылған құжаттың суретін немесе скан-көшірмесін мемлекеттік қызмет істері департаментінің sko94@list.ru электронды мекенжайына жолдауына болады.
“Жұмыла көтерген жүк жеңіл” демекші, біз қоғам болып отбасындағы, жастар арасындағы, бизнес ортадағы, ғылымдағы, яғни әр сала мамандарының белсенділігімен сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра аламыз.
Жан АЙТМАҒАНБЕТОВ,
облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің
баспасөз хатшысы.