«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 24.11.2015

ӨЛЕҢІ – ӨМІРІНІҢ ЖАЛҒАСЫ

“Бар өмірім өлеңмен өтсе менің, Туған елді жырлауға жетсе демім…” – деп екі жол өлеңінің ішіне бар арман-мақсатын сыйғыза білген жерлес ақын ағамыз Жарасбай Нұрқановтың қарымды қаламынан шыққан сырға, сағынышқа толы өлең жолдары бүгінде өз оқырманын тауып, талайлардың жүрек төрінен орын алды. Өмірін өлеңмен ғана өрнектеп қоймай, арнау, толғау, поэма, дастан, баспасөз туралы жырлар, әзіл-сықақ, …

ӨЛЕҢІ – ӨМІРІНІҢ ЖАЛҒАСЫ Read More »

ЖЕРЛЕСТЕР ОЛЖАСЫ

Атырауда әйелдер арасында Кеңес Одағының Батырлары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованы, сондай-ақ, Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованы еске алуға арналған халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Жерлестеріміз 7 алтын, 6 күміс және 8 қола медаль олжалады. Қанат АТАМАНОВ,“Солтүстік Қазақстан”. 

ҚАҺАРМАННЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ

Петропавлда 2011 жылдың қарашасында Тараз қаласында қауіпті қылмыскерді ұстау барысында лаңкестің қолындағы гранатаны өз денесімен жауып, қаза тапқан 40 жастағы полиция капитаны Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған ашық турнир өтті. Екі күндік жарыста облыстық құқық қорғау органдары мен күш құрылымдарынан жасақталған 10 команда шағын футболдан кім мықты екендігін анықтады.

КЕЛ, БИЛЕЙІК!

20 қараша күні бір уақытта еліміздің барлық аймақтарында “Назарбаев Зияткерлік мектептері” желісінің 20 мектебін қамтыған “Алға, Қазақстан!” атты жастардың би флешмобы болды. Еліміз бойынша 3000 оқушының қатысуымен өткен шарадан облыс орталығындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі де тыс қалмады. Петропавлдағы Спорт сарайында ұйымдастырылған флешмобта 428 оқушы қатар тұра қалып, ұлттық және жаңаша үлгідегі заманауи билерді …

КЕЛ, БИЛЕЙІК! Read More »

БІРДЕ ЖЕҢІП, БІРДЕ ЖЕҢІЛІП…

Қазақстан чемпионатына биылғы жылдан бастап қосылған Петропавлдың “Құлагерінің” ойындарына қала жанкүйерлерінің ықыласы ерекше. Әйтеуір, өз алаңында өткізген алты кездесуде Спорт сарайының бос орындары көзге шалынбады. Осыған қарағанда, командамызға тілеулестік олқы емес. Соған орай, “Құлагер” қарашаның 10-ы және 11-і күндері Алматыда алаң иелерінен екі мәрте басым түсіп, қоржынға алты ұпай қосып қайтты.

ҚАМКӨҢІЛ БАЛАЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қол ұшын созып, көмек көрсету, оларды толғандырып жүрген мәселелердің оңтайлы шешілуіне жәрдемдесу – қоғамдағы адамның міндеті. Өңіріміздегі жарымжан жандарға қайырымдылық көрсетуде Петропавлдағы Қожаберген жырау атындағы №6 қазақ орта мектебінің қызметкерлері мен оқушылары басқаларға үлгі болуда.

ҚАУІПСІЗДІК ҚАПЕРДЕ БОЛСЫН

Өткен сенбі күні төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Петропавл қаласы мен облыс аудандарында облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлерінің қатысуымен өрт қауіпсіздігі сенбілігі өтті. Орталықтандырылған газбен қамту жүйесі және газ баллондарын орнатуда қауіпсіздік ережелерінің дұрыс сақталмауына байланысты республика аумағында 2012-2015 жылдары 262 тұрмыстық газдың жарылуы тіркелді. Соның салдарынан 198 адам зардап шегіп, 49-ы қаза тапқан. …

ҚАУІПСІЗДІК ҚАПЕРДЕ БОЛСЫН Read More »

“МАҒЖАНДЫ” ОҚЫ, ТАҢЫРҚА!

Қолымызда – әдеби-көркем, қоғамдық-саяси журнал – “Мағжанның” биылғы жылғы 4-ші нөмірі. Оның парақтарынан көңілге қонымды туындыларды оқи отырып, қазақтың “Көш жүре түзеледі” деген ұлағаты тегін айтылмағанын пайымдадым. Өйткені, 2007 жылдың басынан бері шығып келе жатқан басылым бастапқы кездердегідей емес, бүгінде еліміздің оқырмандарына танылғанын журнал авторларының географиясына қарап аңғардым. Бұлар – еліміздің әр қиырларынан.

ОЛ ОСЫНДАЙ ЖАН ЕДІ…

Уақыт деген – ұлы өлшем. Бүгінгі күнің түгіл, ертеңіңің өзі қас пен көздің арасындай-ақ мезетте оның еншісіне бұйырып кете береді. Сондықтан кейінгі ұрпақ өзіне дейін ғұмыр кешкен адамдардың есімін, атқарған ісін біле бермеуі мүмкін. Ал тұғыры биік тұлғаларды танып-білу – ізбасарлардың парызы. Осындай тұлғалардың қатарында мемлекет және қоғам қайраткері, «Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген өнеркәсіп қызметкері» …

ОЛ ОСЫНДАЙ ЖАН ЕДІ… Read More »

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОЛДАУЫНЫҢ ЖЕМІСІ

2002 жылы облыс орталығында құрылған “DEZ” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өңірдегі ең ірі ұн өндіруші кәсіпорындардың бірі саналады. Бүгінде диірмен кешенінің ауқымы кең, экспорттық әлеуеті зор. Жаңа мыңжылдыққа аяқ басқан тұста Түркия азаматтары Қазақстанда ұн өндіру ісін қолға алған болатын. Өңдеуші кәсіпорынның орнын анықтауда таңдау теріскейге түскен. Содан бері, міне, бірнеше жылдың жүзі өтті. 14 жылға …

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОЛДАУЫНЫҢ ЖЕМІСІ Read More »

ТАБИҒИ РЕСУРСТАР — ЕЛ ИГІЛІГІ

Кеше облыс әкімі Ерік Сұлтановтың төрағалығымен өткен отырыста мемлекеттік кәсіпорындардың жұмысы, сондай-ақ, су және басқа да табиғи ресурстарды пайдалану жағдайы сөз болды. Облыстық қаржы басқармасының басшысы Ескен Әкімжанов коммуналдық меншікте 1412 ұйым бар екендігін, оның 50,9 пайызын – білім беру, 15,5 пайызын – денсаулық сақтау, 14,1 пайызын – мәдениет, 8,6 пайызын – ТКШ, 6,4 пайызын …

ТАБИҒИ РЕСУРСТАР — ЕЛ ИГІЛІГІ Read More »

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖҰМЫЛАЙЫҚ

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ниет білдірушілерді әріптестік орнатуға шақырады. Қазіргі уақытта бізбен әріптестік орнатуға үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық қоғамдық бірлестіктер, құқық қорғау органдары, сонымен қатар өңіріміздің 1000-нан астам белсенді тұрғындары ынта-ықылас білдіріп отыр.

ӨҢІР БАСШЫСЫ МИТРОПОЛИТПЕН ЖҮЗДЕСТІ

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов Астана және Қазақстан митрополиті Александрмен жүздесті. Ерік Сұлтанов Дінбасы Александрға қош келдіңіз дей отырып, Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстанның ең көпконфессиялы және көпұлтты өңірлерінің бірі болып табылатынын атап айтты.