«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жерлесіміздің жарқын жеңісі

Солтүстікқазақстандық балуан Мейіржан Берекетов қазақ күресінен Үндістанда өткен әлем біріншілігінде чемпион атанды. Дүбірлі додаға 20-дан астам елден 200-ге жуық спортшы қатысып, 16 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады.

Делидегі жарыстың алғашқы күнінде 60 келі салмақта белдескен Мейіржан Берекетов қарсыластарын қоғадай жапырып, финалда грузин балуанын жеңді. Осылайша жерлесіміз Қазақстан қоржынына әлем чемпионатындағы алғашқы алтын жүлдені салды.

Жеңімпазды облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтады. «Былтыр ол Астанада өткен Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында чемпион атанған болатын. Мейіржанның ұлттық спортымызды дамыту мен насихаттауға қосқан үлесі үшін алғыс айтамын. Бұл жеңіс жаңа биіктердің бастауы болсын! Чемпионды құттықтаймын!», – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Рабиға ЕРАЛЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp