Жерлесіміз Есения Епифанцева ұлттық “Бала дауысы – 2016” балалар ән байқауының лауреаты атанды.
Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 20-дан астам балғынның ішінен өзіндік ән орындау мәнерімен ерекшеленген 13 жасар дарынды қыз байқаудың бірінші кезеңінде “Шашы ұзын қыз” әнін орындаса, гала-концертте өзінің жетекшісі Айқын Төлепбергенмен бірге “Шатты күн” әнін шырқап, төрешілердің көңілінен шықты.