«Береке» шағынауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде ұйымдастырылған салтанатты шарада өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Наталья Богданованы Ливерпульде өткен әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтап, сый-сияпат көрсетті.
Наталья әлем чемпионатында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті. 26 жасар боксшы финалда австралиялық Лекеиша Перголитиді жеңсе, жартылай финалда ағылшын Шантель Ридпен жұдырық түйістірген.
«Наталья Богданованы әлем чемпионатындағы жеңісімен шын жүректен құттықтаймын! Жерлесіміз халықаралық аренада Қазақстанның намысын абыроймен қорғап, әлем чемпионы атағын иеленді. Оның бұл жетістігі – барша қазақ елі үшін үлкен мақтаныш. Жерлесіміздің алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындырып, жарқын жеңістерге қол жеткізуін тілеймін!», – деген өңір басшысы боксшыға су жаңа автакөлік кілтін табыстады. Ал спортшының бапкері Дастан Қабденов 3 млн. теңгенің сертификатына ие болды.
Еркін ЖАҢАЛЫҚ.