«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОБАҒА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ

Үстіміздегі жылдың 26-шы мамырынан бастап, еліміздің барлық аймақтарында “Жастар кадрлық резерві – 2014” партиялық жобасы өз жұмысын бастады.

“Жастар кадрлық резерві” жобасы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылы “Жас Отан” Жастар қанатының І съезінде берген тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда.

2009-2013 жылдар аралығында жобаға республика бойынша 7000-нан астам жас қатысып, олардың 5 пайызы (340 адам) арнайы тестілеуден және ашық іріктеуден, сонымен қатар мемлекеттік және ұлттық компанияларда тағылымдамадан өтті. Ал Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жобаға 450 жас қатысса, оның 15-і ақтық кезеңде жеңіске жетті.

Жастар үшін еңбек жолының сәтті бастамасы болып табылатын “Жастар кадрлық резерві” жобасында жастарға өз мүмкіндіктерін дамыту үшін арнайы әдіс-жобалар жасалып, дәйекті түрде өзінің қабілеттерін және дағдыларын дамытуға, қосымша білім алуға, өз біліктілігін арттыруға және жаңа достар табуға мүмкіндік береді. “Жастар кадрлық резерві” бұл білікті жастар үшін “әлеуметтік лифт” және басқарушы кадрларын дайындайтын қолайлы тетік болмақ.

Осы орайда, жоба аясында қатысушыларға оқыту модульдерін үйренуге, тренингтерге, шеберлік сыныптарына, дәрістер мен семинарларға қатысуына, мемлекеттік басқару, бизнес, ғылым және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесуге мүмкіндік жасалған.

Осы жылы жобаға қатысамын деушілерге 26 мамыр мен 26 маусым аралығында сайтқа тіркеліп, www.rezerv.kz сайты арқылы жобаның талаптарымен толығырақ танысуға мүмкіндік бар. Тіркелу аяқталғаннан кейін конкурстық іріктеу өткізіліп, жобаның келесі кезеңіне өткендер белгілі болады. Қосымша ақпаратты 36-94-52, 8-775-496-16-02 телефондары арқылы алуға болады.

Азамат ШАЙМЕРДЕНОВ,

“Жас Отан” ЖҚ облыстық филиалының атқарушы хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp