ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІНІҢ СЕНСАЦИЯСЫ – КОСТА-РИКА
Бразилияда футболдан әлем біріншілігі жалғасуда. Биылғы сынның нағыз сенсациясына айналған Коста-Рика құрамасы плей-офф кезеңіне шықты. Коста-Рика әлем біріншілігі басталарда бұл топтың ең әлсіз командасы болып есептелген. Десе де, алғашқы топтық кездесуде Уругвайдан басым түссе, енді Италияны ұтты. Есеп – 1:0.