«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жолдастыққа берік еді…

Менің нағашым Жәлел Қиза­тов соғыстың алғашқы күн­дері­­нен алдыңғы шепте болып, Орел – Курс иініндегі шешуші ұрыстардың бірінде өзі құралып­тас қазақ жауынгерін кезіктіреді. Таныса келгенде, Ақмола облысындағы Атбасар ауданынан Ақан Құрманов деген азамат болып шығады. Күтпеген кездесу араларынан қыл өтпейтін дос­тыққа ұласады. Жәлел майдан даласында ерлікпен қаза тапқан есіл ерді өз қолымен арулап жер­лейді. А.Құрмановқа да Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.

Нағашым кейін марқұмның ту­ған-туыстарын, ағайындарын арнайы іздеп барып, жолығады. Сіз жау­ға қарсы бірге атойлаған сыралғы қаруласысыз, ерлік істерін көрген куәгерлердің бірісіз. Өлең-жыр арнаңыз”, – деп қолқа салады.

Жұртшылықтың өтінішімен жазылған “Ақан батыр” поэ­масы:

“Бауырым, досым еді, қымбат маған,

Екеуміз тізе қосып, шыңға аттанған.

Таңдалып сен қолбасшы назарына,

Ісіне түсі лайық сымбатты ағам”, – деген шумақпен бас­та­лып, қазақтың қайсар ұлының тайсалмай өлімге де қарсы буырқана шабатын, жаудан еш қаймықпайтын мінезін шабыттана жырға қосады.

Ұмытпасам, осыдан екі жыл бұрын Ақан Құрмановтың 100 жылдық мерейтойы Көкше өңірінде кеңінен атап өтілді. Ұйымдастырушылар нағашымның көзі ретінде мені де шақырды. Қосбармақ ауылы батырдың есімімен аталады екен. Көне­көз қариялар 1957 жылы КСРО Жо­ғарғы Кеңесінің депутаты Жәлел Қизатовтың досының анасына сәлем бере келгенін қимастықпен еске алысты. Сол жолы кей­уанаға дұрыс зейнет­ақы тағайындалмағанын біліп, осы мәселемен қоса қызы Ғайни екеуіне үй-жай мәселесін де шешіп беріпті. Нағашымның ұсынысымен 1959 жылы марқұмның денесі жерленген жерге ескерткіш белгі қойылыпты.

Марат ОСПАНОВ,

Жәлел Қизатовтың жиені.

Ақмола облысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp