Ауа райының күрт суытуынан тасжолда қиындықтар басталды. Жолда қалған, көктайғақта апатқа ұшырап жатқан көліктер аз емес.
Өткен аптада Мамлют ауданына қарасты Покровка ауылының маңында Бішкектен Екатеринбург қаласына бағыт алған “Mercedes Benz Vito” микроавтобусы тасжолдың жырасына түсіп кетті. Оқиға орнына жедел жеткен ауданның ішкі істер органының қызметкерлері 9 адамға көмек көрсетіп, жақын маңдағы “Петрович” дәмханасына жылынуға, тамақтануға жеткізді. Дәл сол күні Бішкектен Мәскеу қаласына шыққан “Setra” автобусы сынып, көліктегі 54 адамға да көмек қолы созылды. Келесі күні жөнделген автобусты жол полициясы Ресей шекарасына дейін жеткізіп салды.
Евгений ЖУРАВЛЕВ,
облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз хатшысы.