«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жол-көлік оқиғасында зейнеткер зардап шекті

Петропавлда жолды велосипедпен белгіленбеген жерден кесіп өткен 72 жастағы зейнеткерді көлік соғып кетті. Бейнекамерадан жүргізуші жаяу жүргіншіні өткізгенін, екінші жүргізуші тоқтауға үлгермегенін көруге болады. Жол-көлік оқиғасы Жамбыл көшесінде орын алған. «Жедел жәрдем» жәбірленушіні түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізген. Медициналық куәландыру “Volkswagen Passat” көлігінің 29 жасар жүргізушісінің сау болғанын көрсетті.

“Жыл басынан жолдарда жаяу жүргіншілер тарапынан 4 мыңдай құқық бұзушылық анықталды. Жолдағы қайғылы оқиғалар көп жағдайда жол қозғалысы ережелерін бұзуынан, оның ішінде жаяу жүргіншілердің жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуі салдарынан болып жатады”, – деп атап өтті облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Айдын Байматов.
Өңірде жыл басынан бері жаяу жүргіншілердің кінәсінан 10 астам жол-көлік оқиғасы орын алды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp